Германия билігі 2016 жылы елдегі миграциялық дағдарыстан 21,7 млрд еуро шығынға батты, деп хабарлайды islam.kz.
Биыл қаржы министрлігі жариялаған есепте мигранттар мәселесіне 21,3 млрд еуро бөлінгені жазылған. Нақтырақ айтқанда, бұл қаражат дағдарыс жайлаған аймақтарға гуманитарлық көмекке, босқындарды тіркеу, қабылдауға, орналастыруға, неміс қоғамына бейімдеуге және миграциялық дағдарыстың себептерімен күресуге жұмсалады.
Айта кетейік, 2016 жылы Германия билігінен өзге елдің 280 мың адамы баспана сұраған. Ал 2015 жылы бұл елге 890 мың босқын енген. Олардың дені Сириядан ауған босқындар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу