Германия мигранттарды қайтаруға 150 млн еуро бөлді

1086

Германия мигранттарды қайтаруға 150 млн еуро бөлді

Германия Үкіметі иммигранттарды отанына қайтару бағдарламасына 150 млн еуро бөледі. Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап egemen.kz жазып отыр.

Бұл жаңа бағдарлама туралы Германияның экономикалық келісім және даму министрі Герд Мюллер Тамsburger Allgemeine неміс басылымына берген сұхбатында айтты. Мемлекет жылына 50 млн еуроны Ирак, Ауғанстан мен Балқан елдерінен келген босқындарға отанына қайтуға көмек ретінде бөлетін болады.

Мюллер осы көмектің арқасында мигранттар өз отандарына қайтып, сол жақта жаңа өмір бастай алады деп отыр.

Германияға соңғы жылдары 1 млнға жуық иммигранттар барған. Тек 2015 жылдың өзінде 900 мың адам босқын атанғысы келген. Аталған елде мигранттарға тұратын жер табуға, жаңа ортаға бейімделуге көмек көрсету қарастырылған. Бірақ қазір билік бұл процестің талаптарын қатаңдатуға тырысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу