Германия үкіметі "нәсіл" сөзін конституциядан өшіруді көздеп отыр. Бұл туралы елдің әділет министрі Кристин Ламбрехт мәлім етті.
Министрлер кабинеті мүшелері адамзаттың нәсілдері жоқ деген қорытындыға келген. Нәсілшілдікпен күресу үшін осы терминді Германияның негізгі заңынан біржолата алып тастап, орнына басқа сөз қолданылмақ.
Министрдің айтуынша, заң адамның нәсілін атамай-ақ нәсілшілдіктен қорғауға тиіс, ал нәсілдік кемсітушілікті бастан кешіргендер құжатқа енгізілген бұл өзгерісті жағдайдың оңалуы деп түсінуі керек.
Еске сала кетсек, "нәсіл" сөзі Негізгі заң құрамына 1949 жылы енгізілген еді.
"Ол кезде заң шығарушылар нацистердің нәсілшіл идеологиясынан бас тартпақ ниетте осындай қадамға барған еді, бірақ қазіргі таңда бұл терминді қолдану түсінбеушілікке әкеліп соғып жатады", – дейді Лабрехт.
Табиғат Нұрболат
Фото: lenta.ru