Германия НАТО-ның Біріккен жоғары дайындық тобын басқарады

659

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Германия НАТО-ның Біріккен жоғары дайындық жедел тобын басқарады. 

Германия НАТО-ның Біріккен жоғары дайындық тобын басқарады Фото: img5.eadaily.com

НАТО баспасөз қызметінің мәліметінше, Біріккен жоғары дайындық тобының саны 11,5 мың адамды құрайды. Аталмыш әскерилендірілген құрылым одақтың жедел әрекет ету күштерінің құрамына кіреді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Германия — маңызды одақтас. Біз Германияға 2023 жылы топты басқаруды өз жауапкершілігіне алғаны үшін алғыс айтамыз", — деді НАТО өкілі Оана Лунгеску. - Біріккен дайындық тобы - бұл НАТО-ның жедел әрекет ету тобы әрі біздің ұжымдық қорғанысымыздың негізгі бөлігі. Германияның көшбасшылығы - оның адалдығы мен мүмкіндіктерінің жарқын көрінісі".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу