Германия өз аумағындағы 5 ресейлік консулдықтың 4-ін жабады

406

Германия үкіметі ел аумағындағы 5 ресей консулдығының 4-ін жабу туралы шешім қабылдады.  

Германия өз аумағындағы 5 ресейлік консулдықтың 4-ін жабады Фото: Берлин трансфер

Берлин Мәскеуге бұл жайлы ресми хабарлама жолдаған. Дегенмен елдегі Ресей елшілігі жұмысын жалғастыра береді. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл шара Кремльдің шешіміне жауаптты қадам. 

Атап айтқанда, Ресей елдегі неміс елшілігі мен соған жақын мекемелердегі қызметкерлердің санын қысқарту туралы шешім қабылдаған. Германия сыртқы істер министрлігінің өкілі Кристофер Бургердің айтуынша, бұл шара екі ел арасындағы құрылымдар мен қызметкерлердің тепе-теңдігін сақтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу