Германия пойыздары жел және күн энергиясына ауыстырылады

1041

Сутек энергиясымен жүретін пойыздар енгізілуде.

Германия пойыздары жел және күн энергиясына ауыстырылады

Германия пойыздары толығымен жаңартылатын энергия көздеріне көшіріледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

2038 жылға қарай теміржол жүйесіндегі зиянды шығарындылар азайтылады. 

Германияның негізгі ұлттық теміржол операторы Deutsche Bahn концерні алдағы 17 жылда барлық локомотивтерді жаңартылатын энергия көздеріне, яғни күн, жел, биомасса және суға ауыстыруға ниетті. DB алдағы 30 жыл бойы Enerparc компаниясынан күн электр станциясынан электр энергиясын сатып алу туралы келісімшарт жасасты. Концерн пойыздарының жылдық энергия шығыны – 10 тераватт-сағат. Бұл Германиядағы екінші үлкен қала Гамбург тұтынатын энергия көлеміне тең.

Бұл елде сутек энергиясымен жүретін пойыздар біртіндеп енгізілуде. Әзірге сутегі қозғалтқыштары тек жаңадан шығарылған локомотивтерде ғана бар, бірақ өндірушілер ескі пойыздарды жаңартып, оған мұндай қозғалтқыш орнатуды жоспарлап отыр. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу