Германия Ресейден импортталатын мұнайды 50%-ға азайтпақ

1087

Биыл жазға қарай Германия билігі Ресейден импортталатын мұнайды 50%-ға азайтуды жоспарлап отыр.  

Германия Ресейден импортталатын мұнайды 50%-ға азайтпақ

Бұл туралы ГФР Экономика министрі Роберт Хабек айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, биыл жазда Германия билігі Ресейден жеткізілетін мұнайды 50%-ға азайтуды, күзде импортталатын ресейлік көмірден, ал 2024 жылы газдан бас тартуды жоспарлап отыр. 

"Біз жазға қарай Ресейден импортталатын мұнайдың жартысыз азайтамыз, ал күзде Ресейден жеткізілетін барлық көмірді тоқтата аламыз деген үміттеміз", - деді Роберт Хабек.

Бұл туралы батыс елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Ол Берлин тұтынылатын Ресей газының импортын 24%-ға дейін азайтуды жоспарлап отырғанын атап өтті. Министр ГФР Ресейден газ импортын 55%-дан 40%-ға дейін, мұнай импортын 35%-дан 25%-ға дейін төмендеткенін жеткізді.

Роберт Хабектің пікірінше, Ресейден жеткізілетін газды басқамен ауыстыруға болады. Сондықтан ГФР 2024 жылдың ортасына қарай Ресейден газ алуды толық тоқтатуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу