Германия шіркеулерінің бірінде атыс болып, 7 адам қаза тапты

590

Полиция қаза тапқандардың арасында қылмыскердің өзі болуы мүмкін деп санайды. 

Германия шіркеулерінің бірінде атыс болып, 7 адам қаза тапты Фото: static.dw.com

9 наурызда Гамбургтегі Иегова куәгерлері діни ұйымының шіркеулерінің бірінде атыс болып, кем дегенде жеті адам қаза тапты, тағы сегізі жараланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Bild порталына сілтеме жасап.

Полиция Гамбургтің Гросс Борстель ауданындағы шіркеуде атыс қаруымен жасалған шабуылды растады. Қаза тапқандардың барлығы оқ жарақатын алған. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 21.00-де болды. Қылмысқа не түрткі болғаны әлі анықталған жоқ.

Полиция төтенше жағдай аймағында "ауқымды іздеу операциясы" жүріп жатқанын хабарлады және Гамбург тұрғындарын қылмыс болған жерде көшеге шықпауға, желіні шамадан тыс жүктемеу үшін тек ерекше жағдайларда ұялы телефонды пайдалануға шақырды.

Кейінірек полиция өкілі құқық қорғау органдарында шабуылдаушының немесе шабуылдаушылардың қылмыс орнынан қашып кетуі екіталай, еш дәлел жоқ деп хабарлады.

Полицияның пайымдауынша, қаза тапқандардың арасында оқ атқан адамның өзі де болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу