Германия Словакияда Украинадан келген әскери техниканы жөндеу орталығын ашады

570

Киевке жеткізілген қару-жараққа қызмет көрсету Словакияда жүргізілетін болады.  

Германия Словакияда Украинадан келген әскери техниканы жөндеу орталығын ашады Фото: Рен ТВ

Германия Словакияда Украинаға жеткізген қару-жарақты жөндеу үшін техникалық қызмет көрсету орталығын құрады, деді Германияның қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт, деп жазады Inbusiness.kz.

"Біз келісімге келдік, сондықтан жұмыс бірден басталса, Киевке жеткізілген барлық техниканы соғыстан шығарылғаннан кейін тез арада жөндеуге мүмкіндік туады", – деді ол Брюссельдегі журналистерге.

Берлин ЕО-ның оқу миссиясы аясында Германияда маусым айына дейін 5 мыңға жуық украиндық сарбаз дайындауды жоспарлап отыр, деп қосты ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу