Германия "Солтүстік ағын-2" толықтай тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеді

1610

Сонымен қатар ресми Берлин болашақта ресейлік газдан бас тартуы ықтимал.

Германия "Солтүстік ағын-2" толықтай тоқтатылуы мүмкін екенін мәлімдеді

Германияның Экономика министрі әрі вице-канцлері Роберт Хабек "Солтүстік ағын-2" жобасы толығымен тоқтатылуы мүмкін екенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Ведомство басшысының айтуынша, Берлин осы мәселе бойынша еуропалық және америкалық серіктестермен кеңеседі. 

Сонымен қатар ол Германия болашақта Ресей газынан бас тартуы мүмкін екенін, бірақ бұған әлі ерте екенін жариялады. 

Еске сала кетсек, 22 ақпанда Германияның Экономика министрлігі канцлер Олаф Шольцтың бұйрығымен "Солтүстік ағын-2" газ құбырын сертификаттауды тоқтатты. Мұндай шешімді қабылдауға Ресей Президенті Владимир Путиннің Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындау себеп болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу