Германия үкіметі отставкаға кетті

251

Германия канцлері Олаф Шольц пен оның үкіметі қызметінен кетті. 

Германия үкіметі отставкаға кетті Фото: РИА Новости

25 наурызда өткен салтанатты рәсімде ел президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Шольц пен оның 14 министріне отставка туралы ресми құжатты табыстады. Шара Берлиннің орталығындағы Беллеву президенттік сарайында өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Конституцияға сәйкес, канцлер мен министрлер жаңа Бундестаг шақырылған сәтте өз өкілеттігін тоқтатады. Алайда жаңа үкімет құрылғанша, бұрынғы министрлер кабинеті уақытша қызметін жалғастырады.

Келесі канцлер Фридрих Мерц 20 сәуірге дейін жаңа министрлер кабинетінің құрамын таныстыруға уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу