Германияда Siemens Energy инвестициялық компаниясына ауқымды көмек пакеті ұсынылған

323

Бірақ компанияны құтқарудың жалпы сомасы екі есеге жуық өсуі мүмкін.

Германияда Siemens Energy инвестициялық компаниясына ауқымды көмек пакеті ұсынылған Фото: mavink.com

Германия үкіметі Siemens Energy жасыл инвестициялық компаниясының 7,5 миллиард еуро көлеміндегі қарызына кепілдік беру туралы шешім қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты rus.err.ee жаңалықтарына сілтеме жасап.

Компанияның құтқару пакеті үкіметтің үлесімен шектелмейді. Siemens Energy несие, инвестиция және кепілдеме түрінде жалпы 15 миллиард еуро алады. Германия үкіметінен басқа, компанияның негізгі акционері болып табылатын жеке банктер мен Siemens компанияларды құтқаруға өз үлестерін қосып жатыр.

Құтқару пакеті – немістің жасыл инвестициялар алыбының қызметін жалғастырудың кілті. Жалпы, компания жаңартылатын энергия көздері жобаларына 110 миллиард еуро инвестициялауды жоспарлап отыр.

Германия үкіметінің жаңартылатын энергияға көшу жоспарлары Siemens Energy-мен тығыз байланысты.

"Соңғы бірнеше аптада, федералды үкімет Siemens Energy, Siemens және жеке банктермен үнемі байланыста болды", - делінген Германия Экономика министрлігінің сейсенбі күнгі мәлімдемесінде.

"Федералдық үкіметтің алғышарты (құтқару пакетін мақұлдау) барлық тараптардың компанияны нығайтуға жеткілікті үлес қосуы болды", - деп қосты министрлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу