Германия Украинаға 37 миллион еуро бөледі

674

Оның 22,5 миллион еуросы электр желісін қалпына келтіруге жұмсалады.

Германия Украинаға 37 миллион еуро бөледі Фото: reuters.com

Германия Украинаға әскери қақтығыстың салдарын жою үшін қосымша 37 млн еуро (шамамен 40 млн доллар) бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Министрлік төтенше бағдарлама аясында қаражат бөлу туралы құжатты қабылдады", – деді  Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму министрі Свеньи Шульце.

Ресми дерек бойынша, Украинаның электр желісін қалпына келтіруге шамамен 22,5 миллион еуро, ал тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және медициналық жабдықтарды сатып алуға 14,4 миллион еуро шығындалады.

Бұған дейін АҚШ Президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға әскери көмек көрсетудің жаңа пакетін жариялады. Ақ үй қару-жарақ сатып алуға шамамен 800 миллион доллардай бөлетінін хабарлады. Жаңа пакет бойынша Украинаға артиллериялық жабдықтар мен оқ-дәрілер беріледі. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу