Германия үкіметі Украинаға өз Қарулы Күштерінің қорынан өздігінен жүретін гаубицаларды жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Welt газетіне сілтеме жасап.
Газеттің хабарлауынша, Panzerhaubitze 2000 гаубицаларын жеткізу туралы шешім бундесвер басшылығының қарсылығына қарамастан қабылданды. Олар украин әскері бұл қарудың күрделі сандық жүйесін тез игере алмайды, ол Берлиннің қажеттіліктерін өтеу үшін қажет деп айтқан көрінеді.
Panzerhaubitzen 2000 – 40 шақырым қашықтыққа дейін ата алатын ауыр артиллериялық зеңбірек.
23 сәуірде Германияның Қаржы министрі Кристиан Линднер Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы көмек көрсету қажет деп айтқан болатын. Сонымен қатар ол Германия Украина аумағындағы қақтығыс тараптарының біріне айналмас үшін НАТО шеңберіндегі өзінің мүмкіндіктері мен міндеттемелеріне зиян тигізбеуі керек екенін атап өтті.
Табиғат Нұрболат
Фото: gettyimages.com