Германия Украинаға бронетранспортерлер жібереді

1122

Бұған дейін мұндай шешімді Австралия қабылдаған еді.

Германия Украинаға бронетранспортерлер жібереді

Германия үкіметі Украинаға бронетранспортерлер жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Елдің Қорғаныс министрі Кристина Ламбрехт Киевке Чехиядан 58 бронетранспортер сатып алып, оларды Украинаға жеткізу туралы құжатты мақұлдады. БТР-лер бундесвердің иелігінде болған, ал 90-шы жылдардың соңында Швеция әскеріне берілді. Кейін оларды чехиялық компания сатып алған.

Бұған дейін Австралия Украина Президенті Владимир Зеленскийдің өтініші бойынша бірнеше бронетранспортерді жіберетінін мәлім етті. Қазіргі уақытта елдің Қорғаныс министрлігі логистика мәселесін пысықтап, үш-төрт бронетранспортерді қалай жіберуге болатынын қарастырып жатыр.  

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу