Германия Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы болуы мүмкін

572

Еуропа елдерінің ішінде Германия ғана өз позициясын өзгертпей отыр.  

Германия Украинаның НАТО-ға кіруіне қарсы болуы мүмкін Фото: Ямал-Медиа

Германия Украина үмітіне соққы берді, деп жазады inbusiness.kz Newsweek шолушысы Джон Джексон материалына сілтеме жасап.

"Альянсқа кіру құқығын алу үшін Украинаға қазіргі НАТО-ға мүше мемлекеттердің бірауыздан қолдауы қажет, ал Германияның бір шешімге келе алмауы белгілі бір кедергі келтіруі мүмкін", — деді ол.

Бұған дейін ГФР СІМ басшысы Анналена Бербок НАТО-ның Ослодағы сыртқы саяси ведомстволары басшыларының бейресми кездесуінде қасоғыс жүріп жатқан кезде альянсқа жаңа мүшелердің кіруі мүмкін емес деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Украина президенті Владимир Зеленский Киев Вильнюстегі шілде айындағы кездесуден үлкен үміт күтетінін хабарлады. Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның айтуынша, елді альянсқа кіруден басқа саммит шешімдері қызықтырмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу