Германияда Lufthansa тобына кіретін төрт әуе компаниясының жолсеріктері ереуілге шықты, деп хабарлайды Atameken Business.
Осыған байланысты Берлин, Гамбург, Мюнхен, Майндағы Франкфурт, Дюссельдорф және Кельн әуежайларындағы рейстер кейінге шегерілді.
Мұның алдында ереуілді 20 қазанда сағат 5-тен 11-ге дейін өткізу жоспарланған. Бірақ қызметкерлер оны түн жарымына дейін созуға шешім қабылдапты. Салдарынан Халықаралық Берлин-Тегель әуежайы 15 рейсті тоқтатты, ал Гамбургте – 12, Мюнхен әуежайында – 10-ға жуық. Майн Франкфурт, Дюссельдорф және Кельн әуежайлары кейінге шегерілген рейстерінің нақты санын айтпай отыр.