Бейсенбі күні Боннада "G 20" елдерінің сыртқы істер министрлерінің екікүндік кездесуі басталады, деп хабарлайды Ассошиэйтед Пресс агенттігі.
Кездесу барысында министрлер 2030 жылға дейінгі жаһандық дамудың мақсатын талқылайды.
Одан бөлек, экономикасы ең қарқынды дамыған және дамушы 20 елдің дипломатия өкілдері және шақырылған тағы бірнеше қонақ болашақта туындауы мүмкін дағдарыстың алдын алу, сондай-ақ Африкаға көмек көрсету мәселесін талқылайды.
Кездесу барысында АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонға өзінің әріптестерімен, оның ішінде Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен қарым-қатынас жасауға бірінші мүмкіндік туады деп атап өтті басылым.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу