Германияда 10 мыңнан аса шаруа трактормен шеруге шықты

1037

Билік табиғатты қорғау мақсатында тыңайтқыш пайдалануды шектеген.

Германияда 10 мыңнан аса шаруа трактормен шеруге шықты

Берлинде үкіметтің агросаясатына наразылық білдірген10 мыңдай шаруа шеруге шықты. Олар 5 мың трактормен көшеге шығып, жолдарды жауып тастады, деп хабарлайды Atameken Business.

Германия билігі табиғатты қорғау мақсатында тыңайтқыш пайдалануды шектеген. Шаруалар онсыз мол өнім алу мүмкін емес деп жатыр.

Шеруге шыққандар қатарында жастар көп. Олар бұлай жалғаса берсе, ауыл шаруашылығымен айналысатын адам қалмайды деп алаңдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу