Германияда 1941 жылы тұтқынға түскен 150 қазақ жауынгері анықталды

1050

Германияда 1941 жылы тұтқынға түскен 150 қазақ жауынгері анықталды

Германияның Эренхайн Цайтхайн кешенінде 1941 жылы тұтқынға түсіп, мерт болған қазақ солдаттарының есімі анықталды. "Бабалар ізімен" экспедициясы зұлмат жылдардың зобалаңына куә болған жерге арнайы барып, қазақ жауынгерлерінің рухына тағзым етті, деп хабарлайды 24.kz.

1941 жылдың жазында алғашқы жау соққысы Беларусь аумағындағы Брестке тидеді. Онда жауынгерлердің арасында 500-ден астам қазақстандық болған. Фашистердің қолына түскен солдаттардың көбі бүгінгі Берлиннен 150 шақырым жердегі лагерьге жеткізілген. Ағаштан соғылған зындан сол зұлматты күндердің куәгері. Тіптен жауынгерлердің төбедегі ағашқа жазған күнтізбесі бүгінге дейін сақталған. Сол жылдары осы лагерьде 30 мыңға жуық солдат мерт болған екен. Эренхайн Цайтхан кешенінің аумағында 1941 жылы тұтқынға түсіп жер жастанағандардың аты жазылған ескерткіштер қойылған. Олардың арасында қазақ солдаттарының да есімі анықталды.

"Бабалар ізімен" экспедициясы осында сүйегі жатқан 150 қазақ жауынгерінің тізімін алды. Экспедиция жұмысын аяқтап, елге оралғаннан кейін олардың туған-туысқандарын іздеуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу