Германияда Абай үйі ашылды

444

20 жыл бұрын тарихи Отанына оралған қазақстандық неміс ұлтының өкілдері Залах қаласында "Қазан"деген атпен қауымдастық құрған. 

Германияда Абай үйі ашылды Фото: gov.kz

Қазақстанда туып-өскен немістер Германияда Абай үйін ашты. 100-ден астам мүшесі бар ұйым қазақтың мәдениеті мен өнерін насихаттап келеді. Ауласына киіз үй тігіп, қазақтың салт-дәстүрін немістерге паш етіп жүрген жерлестеріміз енді ұлы Абайдың шығармашылығын көпшілікке кеңінен танытпақ, деп жазады inbsuiness.kz qazaqstan.kz-ке сілтеме жасап. 

Абай үйі - Германия мен Қазақстан арасындағы мәдени көпір болады деген үміттеміз. Абай - ұлы жазушы. Оны әлем жұрты білуі тиіс. Біз Қазақстанда туып-өстік, ол біздің Отанымыз. Туған жеріміздің жылдан-жылға көркейіп, дамығанын көріп, қуанып отырамыз. Болашақта елімізге қаржы құйып, кәсіп ашқымыз келеді, дейді "Қазан" қазақ қауымдастығының төрағасы Валерий Оствальд.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу