Кешкі сағат тоғыздар шамасында айналмалы дөңгелек кабинасы өртеніп, жалын екінші кабинаға да тараған.
Өрт кезінде айналмалы дөңгелек ішінде адам толы болған.
"Біз күйген пластиктің иісін сезіндік, бірақ ол жақын маңдағы кабинадан шықты деп ойламадық", – деді фестивальге келуші.
Лейпциг полициясының өкілі өрт салдарынан төрт адамның ауыр күйік алғанын, 2 адам құлап жарақат алғанын айтты.
Сонымен қатар 18 адам көмірқышқыл газынан зардап шеккен.
Зардап шеккендердің арасында құтқарушылар да, полицейлер де бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу