Германияда әуежайдағы ереуілге байланысты 1100 рейс тоқтатылады

431

 Бір күндік ереуілден кем дегенде 200 мың жолаушы зардап шегеді. 

Германияда әуежайдағы ереуілге байланысты 1100 рейс тоқтатылады Фото: Тонкости туризма

Германиядағы Ver.di кәсіподағы жолаушылар мен багажды бақылауға жауапты әуежай қызметкерлерінің жалақысын көтеруді талап етіп отыр.

"Германияда 1 ақпан, бейсенбіде кем дегенде 1100 рейс тоқтатылады, бұл шамамен 200 мың жолаушыға әсер етеді", - деп хабарлады неміс әуежайларының ADV қауымдастығы.

Бұған Ver.di.кәсіподақ ұйымы ұйымдастырған әуежай қауіпсіздік қызметкерлерінің бір күндік ескерту наразылық шарасы себеп болып отыр.

Ереуіл елдің 11 әуежайында өтеді: Майндағы Франкфурт, Гамбург, Берлин, Дюссельдорф, Кельн, Штутгарт, Бремен, Ганновер, Лейпциг, Дрезден және Эрфуртта. Ереуіл Мюнхен және Нюрнберг әуежайларына әсер еткен жоқ, бірақ бұл қалаларға барлық рейстер тоқтатылады.

Ереуілшілер жалақы көтеруді және артық жұмыс істегені үшін қосымша төлемді талап етіп отыр. Ереуілге жолаушыларды, багажды және қызметкерлерді бақылайтын 25 мың әуежай қызметкері қатысты.

Ver.di кәсіподақ ұйымы BDLS әуе қауіпсіздігі және қауіпсіздік компанияларының федералдық бірлестігімен жанжалдасып, ереуілшілер үшін жалақыны сағатына 2,80 еуроға көтеруді, үстеме жұмыс, түнде, демалыс және мереке күндері жұмыс істегені үшін қосымша төлемдерді көбейтуді талап етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу