Германияда бір тәулікте 200 мың адам коронавирус жұқтырды

971

Олаф Шольц ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін міндетті вакциналау туралы заң қабылдауды көздеп отыр.

Германияда бір тәулікте 200 мың адам коронавирус жұқтырды

26 қаңтарда Германияда COVID-19 дертіне 200 мың адамның шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Роберт Кох атындағы вирусология институтының дерегіне сілтеме жасап.

Бұл – пандемия басталғалы тіркелген ең жоғары көрсеткіш. 

25 қаңтарда да рекордтық көрсеткіш тіркелді. 164 мың тұрғын инфекцияны жұқтырды. Бір апта ішінде ауруханаға жатқызылып жатқандардың саны артты. Шамамен 100 мың адамның 4-еуі шұғыл медициналық көмекке мұқтаж.

Індеттің өршуіне "омикрон" штамының таралуы себеп болып отыр. Қаңтар айында бұл штамм Германияда белең алды. Пандемияны тежеу үшін жергілікті билік вакцинацияланбаған азаматтарға қатысты шектеу шараларын енгізді. Германия канцлері Олаф Шольц ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін міндетті вакциналау туралы заң қабылдауды көздеп отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу