Германияда босқындар жатақханаларына шабуылдар жиіледі

391

Босқындар баспаналарына жасалған шабуылдардың көбеюі ковидтік шектеулердің жойылуы мен мигранттардың көбеюімен байланысты болса керек.  

Германияда босқындар жатақханаларына шабуылдар жиіледі Фото: DW

Дегенмен биыл тіркелген құқықбұзушылықтар саны 2015 жылғы көші-қон дағдарысы кезіндегі көрсеткіштерден әлдеқайда аз, деп хабарлайды inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.

Германияда 2015 жылдан бері алғаш рет мигранттар жатақханаларына жасалған шабуылдар саны өсті. Өткен жылы елде 121 шабуыл тіркелсе, ал бір жыл бұрын оның саны 70-тен аспады, деп хабарлады Neue Osnabrücker Zeitung Бундестагтағы солшыл партия фракциясының өтінішіне жауап ретінде ГФР Ішкі істер министрлігі ұсынған алдын ала деректерге сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі мұндай шабуылдардың көбеюін коронавирустық шектеулердің жойылуымен, мигранттардың көбеюімен байланыстырды. 2022 жылы Германияда баспана алуға 218 мың өтініш келіп түсті. Сонымен қатар, елге Украинадан миллионға жуық босқын келді.

Өткен жылы ГФР билігі босқындарға олардың үйлерінен тыс жерлерде 1248 шабуыл жасалғанын тіркеді. Бір жыл бұрын да дәл сондай жағдай (1259). Германия көші-қон дағдарысының шыңында тұрған 2015 жылмен салыстырғанда қазіргі көрсеткіштер әлдеқайда төмен.  Ал босқындарға арналған баспаналарға 1047 шабуыл жасалғаны тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу