Германияда дәріханалар жабылуда

949

Германияда дәріханалар жабылуда

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңында Алман еліндегі дәріханалар саны 19942 құрады. Алайда, саланың күрделі жағдайына байланысты олар біртіндеп жабылуда. Бұл туралы dni24.com хабарлады.

Статистикалық деректерге қарағанда, Германияда жылдың алғашқы айында 32 жаңа дәріхана ашылған. Дегенмен, осыған керісінше, жүзге жуық дәрі сататын орын жабылып қалған. Өткен айдың да көрсеткіштері өте төмен болып отыр. Бұл аталған саланың құлдырауын көрсетеді.

Айта кетерлік жайт, жабылып жатқан дәріханалар негізінен жеке тұлғалардікі екен. Олар жаңа экономикалық ахуалға байланысты бәсекеге қабілетті бола алмай жатқан көрінеді.

Қазіргі таңдағы экономикалық алғышарттар бұл салада кең ауқымда жұмыс жасауға қыйындық тудыруда. Әсіресе, жұмыс күшіне байланысты қиындықтар бар. Міне, осындай факторлардың барлығы жеке кәсіпкерлердің өз ісін доғаруына әкеліп соғуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу