Германияда денесі табылған Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен

4688

Биыл жазда отандасымыз Айгүл Сайлыбаеваның Германияда жоғалып кеткені айтылды. 

Германияда денесі табылған Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі қызымен бірге Ресейге көшіп кеткен Фото: ҚазАқпарат

Бұған дейін Айгүл достарына күйеуі Александр Донцовтың өзін ұрғанын айтқан, деп жазады inbusiness.kz сайты ТВ центр телеарнасына сілтеме жасап.

Сайлыбаеваның отбасы Сыртқы істер министрлігіне көмек сұрап жүгінген. 17 маусымда неміс полициясы Айгүлдің денесі Германияның Бенсхайм қаласының шетінен полиэтилен пакетке оралған күйде табылғанын жариялады.

Тергеушілер оның кісі қолынан қаза тапқанын айтады. Істі 35 маман тергеп жатыр.

Қазір Сайлыбаеваның күйеуі Александр Донцов өзі туған Ресейге көшіп кеткені белгілі болды. 

"Мен Германияға тұрақты көшу мүмкіндігін ешқашан ойлаған емеспін. Мен әрқашан Мәскеуге оралып, Ресейде өмір сүргім келді. Бұл отбасымызды одан әрі қолдаудың соңғы үміті болды", – деді ол сұхбатында.

Марқұм әйелдің күйеуі "Ішкі істер министрлігінің жедел жұмысының арқасында" қыздың екі аптадан кейін азаматтық алғанын айтты.

"Ресей Ішкі істер министрлігі бас басқармасының басшылығы отбасын бұзбау және қиындық тудырмау үшін көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Бүгін біз Александрға қызының азаматтық алғаны туралы куәлікті табыс еттік. Қазір бала Ресей Федерациясында балалардың барлық құқықтарын пайдаланады", – деді ІІМ Мәскеу қалалық бөлімшесінің азаматтықты қарау бөлімінің басшысы Алексей Катков.

Алайда, Донцов қызының жоғалған әжесі, 49 жастағы Наталья Донцова туралы ештеңе айтпаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу