Соның салдарынан 3 мың жолаушы жолынан қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты Рейтерс агенттігіне сілтеме жасап.
Тағы 15 ұшақ басқа қалаларға барып қонуға мәжбүр болды. Бұған себеп – терминалға жақын маңда ұшып жүрген белгісіз дрондар.
Әуежай мәлімдемесінде дрондарды анықтау және жою – федералдық және жергілікті полицияның құзыретінде екенін атап өтті. Жолаушылар әуежай терминалында орындармен, көрпелермен, сусындар мен жеңіл тамақпен қамтамасыз етілді.
Соңғы күндері Еуропа авиациясына белгісіз дрондар кедергі келтіріп жүр. Өткен аптада мұндай аппараттардың ұшуынан Дания мен Норвегия әуежайлары уақытша жабылған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу