Германияда Қазақстанның халық әртісі Айман Мұсақожаеваның жетекшілігімен Еуразиялық симфониялық оркестрдің концерті өтті.
Франкфурт қаласында болған шығармашылық кеш екі ел ынтымақтастығының 25 жылдығына арналған.
Шараға белгілі неміс саясаткерлері, дипломаттар мен өнерсүйер қауым жиналды. Өнер майталмандары әлемге әйгілі классикалық туындылар мен ұлттық музыкалық композицияларды орындады.
"Концертті Америка, Еуропа мен Азия елдерінде қою жоспарда бар. Жыл бойы университет факультеттерінің есептік концерттері өтеді. Еурзиялық симфониялық және халық оркестрлері де өз өнерлерін паш етпек. Осылайша біз студенттерімізге арман-мақсаттарына жету жолдарын көрсетеміз", - профессор, ҚР халық әртісі Айман Мұсақожаева.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу