Климаттың өзгеру мәселелеріне халықтың назарын аудармақ болған экологиялық белсенділер Барберини сарайындағы "Стога" сериясындағы Клод Моне суретіне пюрені шашып жіберген, деп хабарлайды Liter.kz Tagesspiegel сілтемесімен
Осыдан кейін жастар өздерін бағанға жабыстырып, мұражайға келушілер алдында сөз сөйледі.
"Адамдар аштықтан, суықтан қатып қырылып жатыр. Біз климаттық апаттың алдында тұрмыз, ал сіз қорқатын нәрсе – суреттегі қызанақ сорпасы мен картоп пюресі", - деді науқанға қатысушы.
Осыдан бір апта бұрын ғана Лондон ұлттық галереясында Ван Гогтың әйгілі "Күнбағыстарына" шабуыл жасалды. Экологиялық наразылық қозғалысының белсенділері картинаға қызанақ сорпасын шашып жіберген. Өнер сүйер қауымның бақытына орай, әйнек артында болған Ван Гогтың туындысына зақым келмеген.