Германияда экобелсенділер наразылыққа шықты

221

Салдарынан елдегі әуежайлардың жұмысында іркілістер туындады.

Германияда экобелсенділер наразылыққа шықты Фото: Zuma/ТАСС

Германияда экобелсенділер бірнеше әуежайда наразылық акцияларын ұйымдастырып, нәтижесінде рейстер кешікті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

"Соңғы буын" тобының экобелсенділері Берлин, Нюрнберг, Штутгарт және Кельн/Бонн әуежайларында акциялар ұйымдастырды. Наразылықтар жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00 шамасында басталды.

Нюрнберг әуежайында рейстер шамамен бір сағатқа тоқтатылып, бұл  бірнеше рейстің кешігуіне әкелді. Кельн/Бонн әуежайы рейстерді тоқтатуға мәжбүр болды.

Берлин мен Штутгарт әуежайларында ұшақ кестесінде өзгерістер туындамады, себебі полиция құқық бұзушыларды ұстаған.

Германия Ішкі істер министрі Нэнси Фрезер әуежайлардағы қауіпсіздікті арттыру керек екенін мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу