Германияда экс-судья көз жұмды: ІІМ бір дерек бойынша іс қозғады

76

Германияда қасақана адам өлтіру дерегі тергеліп жатыр.

Германияда экс-судья көз жұмды: ІІМ бір дерек бойынша іс қозғады Фото: ашық дереккөз

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Германия полициясы бұрынғы судьяның өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Бізде Қылмыстық кодекстің 110-бабы ("Қинау") бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Дегенмен бұл дерек зардап шеккеннің туыстарының арыздары негізінде қаралуда және оқиға сол уақытта ерлі-зайыптылардың Қазақстан аумағындағы Жетісу облысында тұрған кезде болған. Яғни, Германияда қасақана адам өлтіру дерегі тергеліп жатыр, ал бізде дене жарақатын келтіру және қинау дерегі қаралып жатыр", – деп түсіндірді Санжар Әділов.

Айта кету керек, бұған дейін Германиядан денесі табылған Айгүл Сайлыбаеваның өліміне не себеп болғаны анықталғанын жазғанбыз. Марқұмның қолында, мойнында және бетінде пышақ жарақаттары болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу