Германияда пышақпен қаруланған ер адам аймақтық пойыздың жолаушыларына шабуыл жасады, нәтижесінде екі адам қаза тауып, тағы жеті адам жараланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Фленсбургтегі федералды полиция өкілі мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Оқиға Шлезвиг-Гольштейн федералды штатында Кильден Гамбургке шыққан пойызда болды. Шабуылшы - 20-30 жастағы ер адам - Брокштедт қаласындағы вокзалда ұсталды, ол да жарақат алған. Жол бойындағы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.
Полиция өкілі жағдайдың мән-жайы анықталып жатқанын, нақты себебі әзірге белгісіз екенін хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу