Германияда Ердоғанға дауыс беруге шақыратын плакаттар пайда болды

505

Нюрнберг қаласы көшелерінде Германиядағы түріктерді алдағы сайлауда Ердоғанға дауыс беруге шақыратын 25-ке жуық плакаттар ілінген 

Германияда Ердоғанға дауыс беруге шақыратын плакаттар пайда болды Фото: Новости Германии

"Дұрыс уақытта, дұрыс адам" сынды жазбалар жазылған суреттер жайлы ақпарат Twitter желісінде тарап, неміс қоғамында қызу талқыға салынды, деп жазады inbusiness.kz.

Мысалы, саясаткер Фолькер Бек қала әкімдігіне өзінің әлеуметтік желісінде: "Мұндай насихатқа кім рұқсат берді?!" деген сұрақ қойды.

"Нюрнберг қаласы үгіт-насихат жұмыстарына тікелей қатыспайды, бірақ сайлау алды науқанға байланысты 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында қолдану үшін қаланың ескі бөлігінен тыс жерлерде 25 плакат ілуге рұқсат етілді", - деп әкімдік қысқа қайырды.

Ердоғанның неміс жұртшылығына күліп қарағаны бірінші кезекте сол жердегі түріктердің наразылығын тудырды. Ұлты түрік Дуйсбург–Эссен университетінің саясаттану факультетінің профессоры Бурак Чопур қала әкімдігінің мұндай әрекетін сынға алды.

"Ердоған мен оның партиясы зілзаладан қайтқан 50000 адамның өліміне жауапты екенін, жалпы Ердоғанның адам құқығы аясындағы беделін ескерсек, қала әкімдігінің мұндай әрекеті нағыз ессіздік", - деді Бурак Чопур.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу