Германияның Гамбург қаласында үлкен жиырмалықтың саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Кездесу қарсаңында жиынға қарсы топ наразылық шарасын ұйымдастырды.
12 000 адам қатысқан митинг соңы тәртіп сақшыларымен үлкен қақтығысқа ұласты. Ереуілге шыққандар полицейлерге бөтелке, тас және жарылғаш заттар лақтырып, көліктерді өртеген. Ал күштік құрылым өкілдері суатқышты және бұрыш салынған оқтарды қолданды. Қақтығыс салдарынан 74 полицей ауыр жарақат алып, тәртіп бұзған бірнеше адам қамауға алынды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу