Германияда Вестфалия аумағының күштік құрылымдары жүргізген операция кезінде терроршы ретінде күдікті бес адам тұтқындалды, деп хабарлады FOCUS Online порталы. Олардың қатарында Германиядағы "Ислам мемлекеті" ұйымының жетекшісі Абу Валаа да бар, деп жазды "КоммерсантЪ".
Тұтқындалғандарға лаңкестік әрекеттер жасау мақсатында қатарларына экстремистерді тартты деген айып тағылып отыр. Таяу Шығыстағы жанжалдың салдарынан туындаған миграциялық дағдарыстан соң Германия терроризммен қарқынды күрес жүргізуде. Қазанда елдің барлау қызметі әскерилер арасында жүрген 20 исламшылды әшкерелеп, экстремистермен байланысы бар босқындарға қатысты бірнеше тергеу ісін бастады. Құқыққорғаушылар болса елдің шығысында лаңкестікке қарсы операция жүргізді. Ел билігі қауіппен күрес шеңберінде барлау құрылымдарына қосымша құзірет беріп отыр.