Германияда инфляция 8,7 пайызға дейін өсті

482

Қаңтарда Германияда тұтыну бағасы жылдық мәнде 8,7 пайызға өсті, ал желтоқсанда бұл көрсеткіш 8,6 пайызды құрады. 

Германияда инфляция 8,7 пайызға дейін өсті Фото: static.dw.com

Германиядағы инфляция қарқыны жоғары деңгейде қалып отыр. Қаңтар айында елдегі тұтыну бағасы 2022 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,7 пайызға өсті, деп хабарлады inbusiness.kz Висбадендегі Федералды статистика басқармасына сілтеме жасап.

Желтоқсан айында бұл көрсеткіш 8,6 пайызды, қарашада 10 пайызды құрады. Reuters сауалнамасына қатысқан экономистер қаңтарда инфляция бұдан да жоғары болады деп болжады. Ай сайынғы тұтыну бағасы қаңтарда 1 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың бірінші айындағы соңғы деректерді ведомство 22 ақпанда жариялауды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу