Германияда каннабис қолдануға рұқсат берілді

294

Каннабис Германияның есірткі туралы заңындағы тыйым салынған заттар тізімінен алынып тасталады. 

Германияда каннабис қолдануға рұқсат берілді Фото: freepik

Германияда бүгін, 1 сәуірден бастап каннабис тұтынуды ішінара заңдастырушы заң күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Ересектерге белгілі бір мөлшерде өздері үшін иеленуге және өсіруге рұқсат етіледі. Кәмелетке толғандарға  25 грамм каннабис немесе марихуана, таза күйінде гашиш ұстауға,  үйде 50 грамға дейін рұқсат етіледі.

Сонымен қатар жеке пайдалану үшін үш каннабис бұтасына дейін өсіруге рұқсат етіледі.

Қоғамдық орындарда қарасораны шегуге болады. Бірақ оны мектептерге, балабақшаларға, ойын алаңдарына, жастар және спорт мекемелеріне кіреберіс 200 метр радиуста пайдалануға тыйым салынады. Көлікті жүргізу кезінде марихуананы пайдалануға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу