Германияда карантин тәртібін бұзғандар түрмеге қамалады

987

Бас бостандығынан тәртіпті бірнеше мәрте бұзғандар айырылады.

Германияда карантин тәртібін бұзғандар түрмеге қамалады

Германияның Саксония Республикасы карантин ережелерін бірнеше мәрте бұзғандарды арнайы түрмеге отырғызуды жоспарлап отыр. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. 

Билік босқындарды қабылдау үшін 2017 жылы Дрезденде салынған орталықты түрмеге айналдырмақ. 2020 жылдың көктемінде Саксонияның Денсаулық сақтау министрі шектеу ережелеріне бағынбағандарды психиатриялық ауруханаларға қамауды ұсынған еді. Бірақ оның ұсынысын үкімет қабылдамады. Тәртіп бұзғандарды тіпті қонақүйлерге немесе ауруханаларға орналастыру керек деп айтқандар да болды.

Арнайы түрменің қандай болатыны туралы әзірге ақпарат жарияланбады.Белгілісі:қазір аумақ қоршалған,ол жерге полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Бас бостандығынан карантин ережелерін бірнеше мәрте бұзғандар айырылады. Оларды сотқа беру туралы өтінішті Денсаулық сақтау министрлігі жіберуі керек. Әзірге Саксонияда мұндай жағдай орын алмады. 

Соңғы мәлімет бойынша, Германияда вирус жұқтырғандардың саны 2 миллионнан асқан. 

Табиғат Нұрболат

Фото: kosu.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу