Германияда Қазақстан азаматы ұсталды

132

Бұған қатысты Deutsche Welle басылымы Германияның федералды прокуратурасына сілтеме жасай отырып, Берлинде шетелдік арнайы қызмет үшін тыңшылық жасау күдігімен Қазақстан азаматының ұсталғанын жазды.

Германияда Қазақстан азаматы ұсталды Фото: migrando.de

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Германияда Қазақстан азаматының заңға қайшы әрекеті үшін ұсталды деген ақпаратқа орай ресми сұрау жолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан азаматының заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы тараған ақпаратқа байланысты Германияның құзыретті органдарына ресми сұрау жолданғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта жауап күтілуде, – деді ведомстводан.

Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті – Қазақстан азаматы Сергей К. 28 сәуір күні Федералдық прокуратура оны тұтқындап, тұрғынжайы мен тағы бір айып тағылмаған тұлғаның үйіне тінту жүргізді.

Бас прокурор Сергейді ресейлік барлау қызметінің агенті ретінде әрекет етті деп айыптап отыр. Тергеу мәліметінше, ол Германияның Украинаға көрсетіп жатқан әскери көмегі мен неміс қорғаныс өнеркәсібі туралы деректерді, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен роботтарды құрастыратын компаниялар туралы мәлімет берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу