Германияда коронавирусқа қарсы екпе жасауға міндеттемейді

671

Жергілікті билік халықтың басым бөлігі вакцинациялауға дайын деп отыр.

Германияда коронавирусқа қарсы екпе жасауға міндеттемейді

Елдің денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан Covid-19 вирусына қарсы вакцинаны жасауға ешкімнің міндеттелмейтінін айтты. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары жариялады.

"Ешкімге еркінен тыс препарат егілмейді. Өйткені қазір халықтың басым бөлігі вакцияна істетуге кет әрі емес. Пандемия кезінде олар вакцинациялаудың маңызын түсінген болу керек", — деді ол.

Бұған дейін Германияда қызылшаға қарсы екпені міндетті түрде жасау туралы заң қабылданған болатын. Құжат 1 мамырдан бастап күшіне енгізілді. Енді балабақша мен мектепке қабылданар алдында балалар қызылшаға қарсы препарат егілгені туралы куәлікті көрсетуі тиіс. Сонымен қатар жасы 50-ден аспайтын балабақша тәрбиешілері, мұғалімдер, медбикелер мен дәрігерлер де вакцина істетуі керек. 
Джонс Хопкинс Университетінің соңғы мәліметіне сүйенсек, Германияда вирус жұқтырғандардың саны 167 мыңнан асып, оның 7 мыңға жуығы қаза тапқан. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу