Германияда локдаун режимі енгізіледі

455

Бірақ мектептер мен балабақшалар жабылмайды.

Германияда локдаун режимі енгізіледі

Германияда 2 қарашадан бастап айдың соңына дейін коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін локдаун режимі енгізіледі. Қатаң карантин туралы 28 қазанда канцлер Ангела Меркель жариялаған еді. Оның айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі бірнеше аптадан кейін науқастардың легіне төтеп бере алмауы мүмкін. 
Локдаун ережесі бойынша осы аптадан бастап театрлар, фитнес клубтар жабылып, қоғамдық тамақтану орындары сырттан тапсырыс беру және онлайн режиміне көшеді. Ал мектептер мен балабақшалар жабылмайды. Сонымен қатар шаштараздар мен дүкендер де жұмысын жалғастыра береді. 

Бұған дейін яғни көктемде мектептер мен балабақшалар түбегейлі жабылған еді. Жергілікті биліктің айтуынша, жағдай ушықпайынша олар әдеттегі режимде жұмыс істейді. 

Соңғы мәлімет бойынша, Германияда індет басталғалы 532 930 науқас тіркелген. Оның 10 мыңнан астамы қаза тапты. 355 мыңы аурудан жазылған.

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу