Германияның оңтүстік-батысындағы Маульбронн қаласында белгісіз адамдар Құранды өртеп, мешіттің алдына лақтырып кеткен. Бұл туралы Германиядағы Түрік-ислам діни мекемелерінің одағында (DITIB) хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға 8 шілдеге қараған түні DITIB жанындағы "Мимар Синан" мешітінде болды.
Бәз біреулер мұсылмандар үшін қасиетті кітапты өртеп, жанып жатқан Құранды қозғалыстағы көлік терезесінен лақтырып жіберген. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
DITIB өкілінің айтуынша, болған оқиғаға байланысты полицияға арыз берілген. Ол көліктің нөмірі мен шабуылға қатысушылардың саны әлі анықталмағанын айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу