Германияда мыңдаған ойыншық теңіз жағасына шығып қалды

1184

Германияда мыңдаған ойыншық теңіз жағасына шығып қалды

Германиядағы Лангеог аралының тұрғындары Солтүстік теңіздің жағалауынан ішіне ойыншық салынған ондаған мың пластик жұмыртқаға кез болды, деп хабарлайды Associated Press.

Сірә жұмыртқалар Бремерхафен қаласына барар жолда дауылдан жоғалып кеткен жүк кемесіндегі контейнерге тиелген болса керек.  

 "Біз жағалауды тосынсый-жұмыртқалардан тазартып жатырмыз", –   деп мәлім етті жергілікті балабақшаның тәрбиешісі Сабина Биркфельд. Ол жағалауға  ойыншық жинауға 27 баланы ерте келген.

​АР жариялаған бейнероликте ойыншықтардың бірінен алынған нұсқаулық көрсетілген. Ол орыс тілінде жазылыпты.

NDR радиостанциясының мәліметі бойынша, жағалаудан Lego конструкторының бөлшектерімен қатар өзге де заттар, атап айтқанда желілік кабелдер мен пластик қаптар табылған.

Қала мэрінің айтуынша,  олар бастапқыда бұл құбылысқа таңырқай қарағанымен,  кейін мұның табиғатқа зиян келтіретінін ұғынған.

"Бұл күлкілі емес, қоршаған орта мен жан-жануарларға орасан зор зиян келтіреді", – деп түсіндірді ол.

Жергілікті туристік қызметтің өкілі Томас Преэнің сөзіне зер салсақ, Лангеог тұрғындары бейсенбі күні бойы ойыншық жинаумен болған және бұл  жұма күні де жалғаспақ. Өйткені жағалаудың учаскесі 500 метрге созылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу