Германияда пойыз апатқа ұшырады: 3 адам қаза тауып, 34 жолаушы жарақат алды

139

Бұл туралы BILD басылымы хабарлады.

Германияда пойыз апатқа ұшырады: 3 адам қаза тауып, 34 жолаушы жарақат алды Фото: tagesschau.de

Германияның Баден-Вюртемберг федералды жерінде жексенбі күні кешке жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты, 34 жолаушы түрлі деңгейде жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Штутгарт полициясының мәліметінше, Deutsche Bahn компаниясына тиесілі аймақтық экспресс пойыз Зигмарингеннен Ульмге бағыт алып бара жатқан. Пойызда шамамен 100 жолаушы болған. Апат салдарынан екі вагон рельстен шығып, бір бөлігі аударылып, бір вагонның төбесі ашылып кеткен. Кейбір вагондар орманды алқапқа құлаған.

Оқиға орнына жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және құтқарушылар жұмылдырылды. Төтенше жағдай туралы алғашқы қоңырау сағат 18:10-да түскен.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа найзағай себеп болуы мүмкін. Апат болған маңда тұратын тұрғындардың бірі оқиға кезінде қатты найзағай соққанын айтқан. Алайда бұл ақпаратты полиция әзірге растаған жоқ. Федералды полиция оқиғаның нақты себебі тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу