Германияда "Соңғы буын" экобелсенділеріне қатысты тергеу жүргізілуде

468

Мюнхеннің Бас прокуратурасы қылмыстық ұйымды құрды немесе қолдады деп айыпталған жеті экобелсендіге қатысты сот ісін бастады

Германияда "Соңғы буын" экобелсенділеріне қатысты тергеу жүргізілуде Фото: esquire.ru

Германия полициясы "Соңғы буын" қозғалысының қатысушыларына қатысты қылмыстық күдікпен алдын-ала тергеу жүргізуде, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Аталып отырған экобелсенділер көлік қозғалысына кедергі келтіріп, мұражайларда әйгілі суретшілер картиналарын бүлдіру сынды әрекеттерімен танымал.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұйымды қаржыландыру көздерін анықтау мақсатында 15 нысанда тінту жүргізді.

Өз кезегінде Twitter-де қозғалыс белсенділері Үкіметке сұрақ қойды: "билік лоббистік құрылымдардың қызметін қашан зерттей бастайды және тау-кен жұмыстарына тартылған қаражатты тәркілеуді бастайды?".

Мюнхеннің Бас прокуратурасы қылмыстық ұйым құрды немесе қолдады деп айыпталған жеті адамға қатысты сот ісін бастады. "Соңғы буын" екі белсендісі өткен жылдың көктемінде Триест-Ингольштадт мұнай құбырына зақым келтірмек болды деп күдіктелуде. Әзірге бұл іс бойынша ешкім қамауға алынған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу