Германияда су тасқыны салдарынан бірнеше адам қайтыс болып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
"Бернд" циклоны кесірінен елде нөсер жауын-шашын жауды. Артынан бірнеше ірі өзен, соның ішінде Рейн арнасынан тасыды. Су деңгейі екі қабатқа дейін жеткен. Су басқан қалалардың тұрғындары тасқын аяқталғанға дейін ғимараттардың төбесіне көтерілуге мәжбүр болды.
Ресми дерек бойынша, Германияның Аденау қаласында су тасқынынан алты тұрғын үй құлаған. Тағы 25 ғимарат қирауы мүмкін. Жергілікті қауіпсіздік қызметі апаттан кем дегенде жеті адам қайтыс болғанын хабарлады. Қазір мамандар жоғалған 30-60 адамды іздестіріп жатыр.
Табиғат Нұрболат
Фото: independent.ie