Германияда су тасқынынан кейін мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кетті

1118

Қаза болғандар саны 58 адамға жетті.

Германияда су тасқынынан кейін мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кетті

Германияның батысындағы Арвейлер округінің билігі су тасқынынан кейін мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz  округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта 1,3 мыңға жуық адамның із-түзсіз жоғалғаны тіркелді. Бад-Нойенар-Арвейлер округтік қаласының бір ауданында жоғалғандар көп. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жүріп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Қаза болғандар саны 58 адамға жетті. 

Бұған дейін Bild су тасқынынан 42 адамның ажал құшқаны туралы хабарлаған болатын. Су қалыпты деңгейден 5,75 метрге көтерілген. Бұл алдыңғы су тасқыны деңгейінен 2 метрге жоғары. Ондаған үй қирап қалды. Құтқару операцияларына әскерилер жұмылдырылды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: bbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу