Германияда тұрғын үй жарылысынан 30-дан астам адам жарақат алды

461

Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.  

Германияда тұрғын үй жарылысынан 30-дан астам адам жарақат алды Фото: Известия

Германиядағы Дюссельдорф маңындағы пәтерде жарылыс салдарынан 30-дан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды штатындағы Меттман қаласының полициясына сілтеме жасап.

Бейсенбіде Дюссельдорф маңындағы көпқабатты үйдің пәтерінде жарылыс болды. Құқық қорғау органдары күдіктіні — жарылыс болған үйдің тұрғыны 57 жастағы пәтер иесін ұстады. Оның үйінен мәйіт табылды.

"Бүгін таңертең Меттман аудандық полиция қызметкерлері Берлинерштрастағы көп қабатты үйге шақырылды. 11-қабаттағы пәтердегі тұрғын көмек сұрап қоңырау шалған. Өрт сөндіру бригадасы есікті аша бергенде, ер адам күтпеген жерден есікті ішінен ашты. Дәл осы сәтте жарылыс болды", - делінген полиция хабарламасында.

Содан кейін, құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, күдікті пәтерді өртемек болған, салдарынан өрт сөндірушілер мен полицейлер жұмысына айтарлықтай кедергі келтірілді.

Оқиға салдарынан 25 жастағы бір әйел полиция қызметкері мен 29 жастағы полиция қызметкері жарақат алғаны, бірақ олардың өміріне қауіп еш қауіп жоғы анықталды. Сонымен қатар, жеті өрт сөндіруші зардап шекті, олардың үшеуі өмірге қауіп төндіретін, ал басқалары ауыр жарақттанған. Тағы 22 адам жеңіл жарақат алды.

"Пәтерді тінту кезінде әйелдің мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оқиғаның мәні,  әйелдің жеке басы және оның қайтыс болу жағдайлары анықталып жатыр", - деп толықтырды ведомствода.

Дюссельдорф прокуратурасы бұл оқиғаны бірнеше адамның денсаулығына зиян келтіріп, кісі өлтіру әрекеті ретінде қарастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу