Германияда ұшқыштар наразылық шеруіне шықты

874

Бұл Ryanair компаниясы қызметкерлерінің осы жаздағы екінші ереуілі. Олар жалақыны көтеріп, еңбек шарттарын жақсартуды талап етіп отыр.

Германияда ұшқыштар наразылық шеруіне шықты

Ryanair әуе компаниясының Германиядағы ұшқыштары дәл қызу демалыс кезінде 24 сағаттық наразылық шеруін ұйымдастырды. Бұл акцияны Бельгия, Ирландия және Швециядағы әріптестері де қолдамақ, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кеткен жөн, алдағы жұмада ирландиядық тасымалдаушы компанияның тарихында бұрын-соңды болмаған ірі ереуіл басталайын деп тұр. Барлық аэростаттарда рейстер тоқтатылып, ұшақтар кестедегі уақыттан кешігіп ұшады. Бұл акцияның салдарынан қанша адамның жолдан қалатыны белгісіз.

Алайда екі апта бұрын болған ереуіл кезінде 600 рейс кейінге қалып, 100 мыңнан аса жолаушы діттеген жеріне кешігіп жетті. Бұл Ryanair компаниясы қызметкерлерінің осы жаздағы екінші ереуілі. Олар жалақыны көтеріп, еңбек шарттарын жақсартуды талап етіп отыр.

Біз, яғни Ryanair-дің тарифті комитеті қызметкерлер арасында сауалнама жүргіздік. Оның нәтижесі бойынша ереуілшілердің 96%-ы осы наразылық акциясы арқылы өз дегендеріне жетуді көздейді. Сондықтан 10- тамыз күні, сағат 3-тен 1 кеткеннен бастап наразылық шеруі басталады. Ал Ryanair-дің тарифті ұсыныстарын қабылдаудан бас тартамыз", - дейді Германия ұшқыштар одағының төрағасы Мартин-Йоахим Лохер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу